Оңтүстік Кореяның ауруханаларының бірінде өрт шығып, 31 адам қаза тапты

09:12, 26 қаңтар 2018

Оңтүстік Кореяның Мильян қаласында ауруханада өрт шығып, 31 адам қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы 40 кісі жараланған. Алдын ала мәліметке қарағанда, от ғимараттың бірінші қабатындағы жедел жәрдем бөлімінде шыққан. Әзірге оның неден пайда болғаны белгісіз. Ал лаулаған өртті сөндіруге келген мамандар тілсіз жаумен 2 сағатқа дейін арпалысқан. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы жағдай кезінде ауруханада 100 емделуші болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!