Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық бойжеткеннің денесі өлі табылды

11:55, 21 қаңтар 2020

Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандық бойжеткеннің денесі өлі табылды, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашовқа сілтеме жасап.

"Қалалық полициядан алынған ақпаратқа сәйкес, қыз ваннада асулы күйі табылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Республикасының елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның туыстарына барлық консулдық және құқықтық көмек көрсетуге дайын", - деді Алмашов.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, марқұм Орал қаласының тұрғыны болып табылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!