Оңтүстік Кореяда тағы 334 адам коронавирус жұқтырды

08:50, 27 ақпан 2020

Корея Республикасында жаңа типтегі коронавирусты жұқтыру оқиғаларының саны 334-ке артып, 1595-ке жетті, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Өлім саны 12 адамға жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы.

Инфекция жұқтырудың жаңа деректері көбіне Дэгу қаласында (307), ал Сеулде алты жағдай тіркелген.

Соңғы күндері Корея Республикасында вирус жұқтырған адамдар санының күрт өсуі байқалады. Осыған байланысты үкімет 23 ақпанда мектептердегі оқу жылының басталуын бір аптаға шегеру туралы шешім қабылдады, оқу енді 9 наурызда басталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!