Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау науқаны басталды

18:41, 17 сәуір 2017

Саяси додаға 15 кандидаттың қатысатыны белгілі болды. Олар алдағы 22 күн бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

Ел ықыласы ауған басты үміткерлер мәлім. Алдын ала жүргізілген әлеуметік сауалнама нәтижелері Демократиялық партияның басшысы Мун Чжэ Инді тұрғындардың 40 пайызы қолдайтынын көрсетті.  Ал Халықтық партия атынан сайлауға түскен Ан Чхоль Су сайлаушылардың 37 пайыз дауысын жинауы мүмкін. 

Жоспар бойынша, елдегі кезектен тыс президенттік сайлау 9 мамырда өтеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!