Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы өз жерлесін өлтірді

21:40, 18 қазан 2021
397

© Сурет: pexels.com

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат адам өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 12 қазанда болған.

Чхонджуда екі қазақстандықтың арасында тұрмыстық жанжал туындап, бірі екіншісін аяусыз пышақтаған, ауыр жарақат салдарынан зардап шегуші көз жұмды . Қазіргі уақытта кісі өлтіруге күдікті ұсталды және тергеу изоляторында отыр, деп хабарлады министрліктен.

Қазақстан Республикасының Сеулдегі елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның мәйітін Қазақстанға жеткізу мәселесін шешіп жатқандарын айтты.

Екі қазақ Оңтүстік Кореяда заңсыз болған, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, олар бір-біріне туысқан көрінеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!