Оңтүстік Кореяда қара жұмыс істейтін екі Қазақстан азаматы көз жұмды

10:41, 14 қазан 2020
454

Оңтүстік Кореяда 20 жастағы түркістандық жігіт пен 50 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол туралы "ТМД бойынша достар" атты халықаралық корейлер қоғамдық ұйымы қорғаушысының көмекшісі Мейірбек Садық ақпарат таратты.

Оның айтуынша, 20 жастағы жас жігіт 9 метр биіктіктен құлаған. Ал 1970 жылы туған әйел ағаштан алма теріп жатқанда сатыдан құлап кеткен. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Осы айдың ағына дейін марқұмдардың мәйіті Қазақстанға жеткізіледі.

Адвокат көмекшісінің айтуынша, Кореяда соңғы алты айда 6 қазақстандық қайтыс болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!