Оңтүстік Корея мен КХДР хоккей командалары Олимпиада кезінде бірігуі мүмкін

18:03, 17 қаңтар 2018
571

Хоккей мәселесі Оңтүстік Кореяның басты тақырыбына айналды. Қысқы Олимпиаданы қабылдайтын ел бейбітшілікті ту етіп, солтүстіктегі қандастарын да шақырып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Екі мемлекеттің шайбалы хоккейден әйелдер командасы кешенді сынға бір команда сапында қатысуы мүмкін. Оңтүстік Кореяның билігі ұйымдастырушылардан команда сапындағы ойыншылардың тізімін 23-тен 30-ға дейін созуды сұрайтындарын мәлімдеді. Алайда бұл шешіммен мыңдаған қарапайым тұрғын келіспейді. Оңтүстік Корея құрамасының бас бапкері Сара Мюррей де екі команданы біріктіруді аса қаламайтынын жеткізді.

- Әрине Солтүстік Кореяның хоккейшілерін біздің қатарымызға қосу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Біз бұған күдікпен қараймыз. Себебі Оңтүстік Корея құрамасының 23 ойыншысы Олимпиадаға жолдама алды. Олар осы жарысқа қатысу үшін тер төкті. Енді басқа хоккейшілер қосылса, команда сапындағы қыздардың біразы Олимпиада ойындарынан тыс қалуы мүмкін ғой. Сондықтан құрамадағы қыздар алаңдайды. Спорттан тыс жағдайлар олардың көңіл-күйін бұзбауы керек. Бізге маңыздысы осы, - дейді хоккейден Оңтүстік Корея әйелдер құрамасының бас бапкері Сара Мюррей.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!