Олимпиада ойындары ашылу салтанатының режиссері жұмыстан босатылды

09:26, 23 шілде 2021

© Сурет: DW

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының директоры, әзіл-сықақ әртісі Кэнтаро Кобаяси Холокостқа қатысты бұрынғы әзіл спектаклінің жазбасы Интернетте тарап, қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz sports.ru-ға сілтеме жасап. .

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті Кобаясидің жұмыстан босатылатыны туралы бейсенбіде, 22 шілдеде, Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында жариялады.

Ұйымдастыру комитетінің басшысы осы оқиғаға байланысты кешірім сұрады және "қазіргі уақытта ашылу салтанаты сценарилерінің барлығы жіті қаралып жатыр, әрі қарайғы іс-шаралар талқылануда" деп баса айтты. Сонымен бірге Хасимото дау-дамай кезінде өзінің қызметінен кетпейтінін және өз міндеттерін соңына дейін орындайтынын айтты.

Олимпиада ойындарын ойдағыдай өткізуге бел будық, біз көптен бері дайындалдық. Барлық мүмкін кедергілерді, барлық қиындықтарды еңсеріп, Олимпиада сәттілікке ие болады. Маған сенім артыңыздар, тарихи оқиғаны осы Олимпиаданы ұйымдастырушылар өз жолындағы барлық кедергілерді еңсере білген турнир ретінде еске алатын боласыздар, - деді Хасимото журналистерге.

Нацистердің жөйттерді жоюы Кобаяси қатысқан комедиялық дуэт орындаған скетч тақырыбына арқау болған. Атап айтқанда, ол: "Холокостты ойнайық", - дейді. Спектакль 1998 жылы орындалды, бірақ видео интернетте енді ғана пайда болды.

Кез-келген адам, қанша креативті болса да фашистік геноцид құрбандарын мазақ етуге қақысы жоқ. Фашистік режим мүгедек немістерді де газбен тұншықтырып, өлтірді. Бұл адамның Токио Олимпиадасымен кез-келген қатыстылығы 6 миллион жөйттің намысын қорлайды және Паралимпиада ойындарын мазақ етеді, - дейді Симон Визенталь орталығы деканының орынбасары, раввин Авраам Купер.

Бұған дейін композитор Кейго Оямада Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жұмыс тобынан өз еркімен кеткен болатын. Ол 1994-1995 жылдары өзінің сұхбатында оқушы кезінде мүмкіндігі шектеулі балаларға тиісіп, мазақ қылғанын мойындаған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!