Оқушы қыздың асқазанынан 3 келідей сағыз аралас шаш шықты

10:53, 8 ақпан 2018
484

Түркиядағы Конья қаласының 12 жастағы тұрғыны Неслихан Каракоч үш жыл бойы ішінің ауыратынын айтып шағымданған. Алайда соңғы кезде қыздың ауруы асқынып, ата-анасы оны дәрігерге апаруға тура келген, деп мәлімдейді Хабар24.

Жергілікті аурухананың хирургы Бюлент Эреноглу 12 жастағы қызды қарап, қарын бөлігінің нығыздап қатайғанын байқайды. Томография түсіріліп, кейін балақайға операция жасалады.

Оның асқазанынан 2 келі 800 грамм болатын шаш пен сағыздан құралған масса шыққан. Ал баланың ішінен шыққан кесектің диаметрі 20 сантиметрді құраған.

Неслихан өзінің шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырып келген екен.

«Ол 50-ге жуық сағыз жұтқан, соның салдарынан асқазанындағы жұтқан шаштары қатты массаға айнала берген. Неслихан ішінің қатуына, қарнының ауруына және нашар тәбетіне шағымданған. Ал негізі шашты жеу – ол ауру. Оны медицинада трихотилломания деп атайды», – дейді Бюлент Эреноглу.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!