Оқушы қыз емтихан кезінде босанып қалды

10:18, 22 шілде 2019

Гвинея тұрғыны босанған соң бір жарым сағаттан соң емтихан тапсыруға қайта оралды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Маму қаласының 18 жасар оқушысы Фатумата Курума Конденің емтихан үстінде толғағы қысқан. Оны дереу ауруханаға жеткізген, толғағы қысқан келіншек 10 минуттан соң ұл баланы дүниеге әкеліпті. Отбасының наразылығына қарамастан тез есін жиған ол бірден аудиторияға тартуды жөн санапты.

Курума Конде айы-күні жақын екенін күйеуінен де, туған-туыстарынан да жасырған. Себебі оны білсе, олар өзін емтиханға жібермей қояды деп қорыққан.

- Мен емтиханды жіберіп алғым келмеді. Өйткені оған бір жыл бойына дайындалдым ғой, - дейді жас ана.

Емтихан орталығының жетекшісі Мохамед Диаките жергілікті БАҚ-қа бұл оқиғаның нақты болғанын растаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!