ОАР-да екі пойыздың соқтығысуынан 100-ге жуық адам зардап шекті

16:57, 4 қыркүйек 2018

Оңтүстік Африка Республикасында екі пойыз соқтығысып, апат салдарынан жүзге жуық адам зардап шеккен. Бұл туралы ER24 шұғыл медициналық жәрдем қызметі хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әзірге белгілі деректерге қарағанда, теміржолдағы апат сейсенбі күні Йоханнесбург қаласының оңтүстігінде болған. Оқыс оқиға салдарынан жүзге жуық адам түрлі жарақаттар алған. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Citizen басылымының ақпаратына сүйенсек, тұрғындарға басқа бағдарларды таңдау ұсынылып жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!