Нью-Йорктегі Франция консулдығында өтіп жатқан сайлау кенеттен тоқтатылды

16:21, 23 сәуір 2017

Францияның Нью-Йорктегі Бас консулдығында өтіп жатқан президенттік сайлау кенеттен тоқтатылды.

Бұған консулдық ғимараты маңынан иесіз қалған күдікті көліктің табылуы себеп болды. Оқиға барысында ғимараттағы жұрт қауіпсіз жерге көшірілді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Францияда президенттік сайлау өтіп жатыр. Осыған байланысты шетелде жүрген француз азаматтары үшін АҚШ пен Канада жерінде сайлау учаскелері ашылған еді. 

CNews 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!