Нұрмагомедов пен Макгрегордың реваншы өтетін күн белгілі болды

12:02, 15 қазан 2018
330

Аралас жекпе-жек стильдегі боксшы Конор Макгрегордің тәлімгері Джон Кавана Ирландияның командасы 16 наурызда келесі айқасты өткізу нұсқасын қарастыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Джон Кавананың пікірінше UFC экс-чемпионының қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы да мүмкін.

«Қарсылас Нұрмагомедов болса да, болмаса да біз 16 наурызда октагонға оралуды қарастырып отырмыз. 17 наурыз - Әулие Патрик күні. Шайқас мереке қарсаңында Нью-Йорк қаласында өтсе керемет болар еді. Алдағы жазға көптеген жоспар құрып отырмыз. Ал, бұл нақты шешім» — деді Кавана.

Нұрмагомедов пен Макгрегордың жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өткен болатын. Ресейлік жауынгер тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жеткен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!