Норвегиялық атақты шаңғышы итке таланып қалды

16:01, 19 қараша 2021

© Сурет: instagram.com/simenkruger

Шаңғы спортынан екі дүркін Олимпиада чемпионы Семен Хегстад Крюгерге екі ит жабылып, шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Норвегиялық шаңғышы осы оқиғадан кейін жедел жәрдем бөліміне түсті, деп хабарлайды VG басылымы.

Атақты спортшының айтуынша, ол жүгіріп келе жатқан кезде артынан иттер қуалай жөнелген.

Мен Нордмаркта жүгіріп келе жаттым, сосын артыма ілескен екі кішкентай ит басында жай жүгіріп, ойнаған, содан кейін тістей бастады. Олар мені аяқ астынан тістеді. Мен қорықпадым, айқайламадым, керісінше, таң қалдым. Бірақ қорғана алмадым. Иттер екеу еді. Аздап ауырды, - деді Крюгер.

Ауруханада дәрігерлер шаңғышыға екпе салып, инфекция қаупін азайту үшін антибиотиктер берді.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!