Нигерияда 70 сарбаз із-түзсіз жоғалып кетті

10:44, 17 шілде 2018
343

Нигерияда «Боко Харам» содырлары әскерилерге шабуыл жасап, 70 сарбаз із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың арасында 5 офицер бар. Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Бама ауданында болды. Лаңкестер әскерилердің керуеніне тұтқиылдан шабуыл жасаған. Қазір жауынгерлер іздестіріліп жатыр. Ал бірнеше сағат бұрын осы ұйымның тағы бір қарулы тобы Йобе штатындағы әскери базаны шабуылдап, оны басып алған. Сарапшылар бұл щабуылдар «Боко Харам» лаңкестерінің күшін көрсететінін айтады.

Айта кетейік, бұл радикалды ұйым елде батыстық білім беру жүйесін жойып, аймақта шариғат ережелерімен жүретін мемлекет құруды көздейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!