Нигерияда 20 оқушы тірідей өртеніп кетті

14:45, 14 сәуір 2021
1009

© Сурет: myc.news

Ниамейдің шетіндегі мектептен өрт шықты. 20-дан астам дайындық және бастауыш сынып оқушылары қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрбан болғандардың ең үлкені 9 жаста ғана болған.

Myc.news агенттігінің хабарлауынша, Нигерия премьер-министрі Оухумуду Махамаду өрттің себебін анықтауға уәде етті.

Өрт кабинеттегі токтың қысқа тұйықталуы салдарынан тұтанған. Мектеп оқушылары оттың ортасында қалып, одан шыға алмаған, қызыл жалын бірнеше кабинетті жылдам орап өткен, деп хабарлады полиция.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар қызметі өртті оқшаулап, одан да көп адам шығынын болдырмауға тырысты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!