Непалдағы табиғи апаттан 49 адам қаза тапты

23:08, 13 тамыз 2017

Непалда су тасқыны мен лай көшкінінен қаза болғандар саны 49 адамға жетті.

Өкінішке қарай, жергілікті билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін деп отыр. Табиғи апатқа осымен бірнеше күн толас таппай жауған жаңбыр себеп. Соңғы мәлімет бойынша елдің орталық бөлігінде 600 саяхатшы ешқайда қатынай алмай, қамалып қалған. Олардың жартысынан астамы – шетелдік саяхатшылар. Барлығы Читван ұлттық саябағына жақын жерге демалуға келіпті. Алайда ақ жауынның кесірінен таяудағы екі бірдей өзен арнасынан тасыған. Қазір топан судан жапа шеккен аудан халқына полицейлер және әскерилермен қатар өзге аймақ тұрғындары да көмектесуге тырысып жатыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!