Непалда 78 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

16:21, 12 наурыз 2018
388

Непал астанасын Катмандуда 78 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ақпаратқа сәйкес, US-Bangla әуе компаниясына тиесілі Bombardier Q-400 лайнерінде 67 жолаушы болған. Ұшақ сапарын Бангладештен бастап, Катмандудағы әуежайға жетуге азғантай жер қалған кезде сол маңдағы футбол алаңына құлаған. Лайнер құлаған бойда жарылып, соңы алапат өртке ұласты.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға орнынан 17 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы Израиль журналисі Амишай Штейн өзінің твиттер парақшасында хабарлайды.

Айта кету керек, бұл хабарды еврей тілшісінен бөлек әлемдік БАҚ та жарысып жазып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!