Неміс банкі Венесуэланың 20 тонна алтынын тәркілеп алды

Deutsche Bank Венесуэланың 20 тонна алтынын тәркіледі, деп хабарлайды Lenta.ru.
2016 жылы Венесуэла банктен 750 миллион долларды қолма-қол ақшамен несиеге алған, кепіл ретінде банкке 20 тонна алтын өткізген. Несиені өтеу мерзімі 2021 жылы аяқталуы тиіс еді, бірақ Каракас шарт талаптарын орындамай, пайыздарын төлемеген. Сол себепті Deutsche Bank алтынды тәркілеп, несиені мерзімінен бұрын жабу туралы шешім қабылдады.
Банк өкілдері бұл жағдай туралы пікір беруден бас тартты.
Bloomberg басылымының дерегінше, Венесуэла оппозициясының өкілдері Deutsche Bank-пен келіссөздер жүргізіп, банктен 120 миллион доллар төлеуді сұрап отыр. Саясаткерлердің айтуынша, бұл сома салып алынған кезінен бері құны өскен алтынның баға айырмасын жабады. Оппозиция бұл ақшаны елдің қазіргі президенті Николас Мадуроның қолы жетпейтін бөлек шот арқылы алғысы келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 19 қаңтар 2021
Өзбекстанға 100 мың дана Pfizer вакцинасы жеткізіледі
-
13:56, 19 қаңтар 2021
Бай елдерде жастар вакцинаны кедей елдердегі дәрігерлер мен қарттардан бұрын алып жатыр
-
17:59, 15 қаңтар 2021
Ресей «Ашық аспан» келісімінен шығып жатыр
-
15:54, 15 қаңтар 2021
Қарақұрым халық кездесуге келген депутаттарды оңдырмады
-
15:47, 15 қаңтар 2021
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 22 жылға сотталды
Пікір