Наурыз айынан бері Brent мұнайының бір баррелі алғаш рет 48 долларға көтерілді

10:47, 25 қараша 2020

Биылғы жылдлың 6 наурызынан бастап Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы алғаш рет 48 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 07.50-де Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы 1,07% көтеріліп, бір баррелі 48,26 долларға жетті.

Сонымен бірге қаңтардағы WTI шикі мұнайының фьючерстері 1% өсіп, бір баррелі 45,39 долларға жетті.

Мұнай нарығындағы құбылмалы баға 6 наурызда ОПЕК + отырысына қатысушылардың ортақ шешімге келе алмауынан басталған еді. Мәміле сәтсіз аяқталғаннан кейін мұнай бағасы 30% -ға төмендеді. Мамыр айында жасалған келісімге сәйкес ОПЕК + елдері мамыр-маусым айларында өндірісті тәулігіне 9,7 миллион баррельге, екінші жартыжылдықта 7,7 миллион баррельге және 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін 5,8 миллион баррельге қысқартуы тиіс.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!