NASA Қазақстанға алғыс білдірді

09:45, 14 сәуір 2021
1039

© Сурет: ixbt.com

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (NASA) әлеуметтік желіде Қазақстанға алғыс білдіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін біз Адамзаттың ғарышқа ұшуы халықаралық күнін атап өтіп жатырмыз! Сондай-ақ биыл біз АҚШ пен Қазақстан арасындағы достықтың 30 жылдығын да атап өтеміз. Біз Қазақстанның ғарышты игеруде шешуші рөл атқаратындығын және NASA-ның ондаған миссиясының ғарышқа ұшуға шыққандағы қақпасы болғанын мойындаймыз, деп жазды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Twitter-де.

Өз кезегінде NASA-ның Twitter-дегі ресми парақшасында елшіліктің жазбасына жауап жарияланды.

Қазақстанмен арадағы маңызды серіктестік NASA - адамзаттың орбиталық зертханасын іске қосу алаңына айнала отырып, армандардың орындалуына көмектесті. Адамзаттың ғарышқа ұшуының халықаралық күні құтты болсын! - делінген АҚШ ғарыш агенттігінің хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!