Мьянманың батысында 400 мұсылман азаптап өлтірілген

18:29, 3 қыркүйек 2017

Соңғы күндері Аракандағы әскерилердің мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттері жиілей түскен.

Ракхайн штатында 2 мыңнан аса мұсылманның үйі өртелген. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мұсылмандарға қоқан-лоққы көрсетіп, оларды елден қуу үшін тұрып жатқан елді мекендеріне от қойып жүргендер – әскерилер.

Айта кетейік, жергілікті мұсылмандар мен буддистер арасындағы қақтығыстар – Мьянмада жиі болып тұратын құбылыс. Оқиға өткен айда рохинджа жауынгерлерінің полицейлер бекеті мен казармасына жасаған шабуылынан кейін шиеленісіп, арты қанды қақтығысқа ұласқан. 50 мыңнан аса адам көршілес Бангладешке барып бас сауғалаған. Рохинджа – мұсылман дінін ұстанатын этникалық бенгалдар. Мьянма билігі мен халқы оларды лаңкестік ұйымдарды қолдайтын заңсыз мигранттар деп санайды. Сондықтан да оларға ел азаматтығы берілмей келеді. Бұл туралы The Independent газеті хабарлайды. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!