Мьянмадан келген балаларға шұғыл көмек қажет

16:29, 21 қазан 2017

Мьянмадан Бангладешке қашып барған 320 мың балаға шұғыл көмек қажет. ЮНИСЕФ өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр.

Олардың айтуынша, балғындардың көбі зорлық-зомбылық көріп, жақындарынан айырылған. Сондықтан психологиялық көмекке мұқтаж. Оның үстіне шұғыл түрде екпе салынуы тиіс. Айта кеткен жөн, тамыздың аяғында Мьянмада рохинджа ұлтынан құрылған қарулы жасақ әскери бөлімшелерге шабуыл жасады.

Осыдан кейін өңірдегі жағдай ушыққан. Сөйтіп 2 ай ішінде 600 мың қарапайым рохинджалық көрші Бангладешке бас сауғалаған еді. Қазір босқындардың көбі жан төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. Уақытша лагердегі әрбір бесінші балғын тойып тамақ ішпейді, медициналық көмекке мұқтаж. Осы ретте БҰҰ әлемдік қауымдастықтан 430 миллион доллар көмек сұрап отыр. Енді қаржы жинауға қатысты конференция 23 қазанда Женевада өтуі тиіс.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!