Мьянма билігі қақтығыс аймақтарына халықаралық ұйым өкілдерін кіргізбей отыр

19:00, 4 қыркүйек 2017

Мьянманың Ракхайн штатында жағдай 25 тамызда ушықты.

Елдің қауіпсіздік күштері мен жергілікті мұсылмандар арасында қарулы қақтығыстар болды. Ресми билік таратқан мәлімет бойынша, 500-ге жуық адам қаза тапқан. Мұсылман жамағатына тиесілі 2 600 үй өртеніп, 70 мыңнан астам тұрғын іргелес Бангладешке бас сауғалаған. Мьянмада ислам дінін негізінен этникалық бенгалдар ұстанады. Ресми билік оларды «заңсыз мигранттар» деп, үнемі елден көшіруге күш салып келеді. Текетірестің бір себебі осы. Мьянма билігі қазір қақтығыс өршіп тұрған аймақтарға ешқандай халықаралық ұйым өкілін кіргізбей отыр. Тіпті БҰҰ өкілдерін де.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!