Мұздатқыштан шыға алмай қалған үш бала үсіп өлді
АҚШ-та Флорида штатының солтүстігінде аулада ойнап жүрген үш бала мұздатқышқа кіріп, шыға алмай қалған. Шарқ ұра іздеген анасы тоңазытқыштың ішінен бүлдіршіндердің өлі денесін тапты, деп хабарлайды Қазақпарат, CNN телеарнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Сувонни округінің шерифі Сэм Сент-Джонның айтуынша, 1, 4 және 6 жасар бала аулада ойнап жүріп, шешесі үйде жоқта көшеде тұрған жаңа мұздатқыштың ішіне кірген де қайтып шыға алмай қалған.
Балалардың анасы мен әжесі үйге келген соң оларды таппай, іздей бастайды. Араға 40 минуттай салып, көшеде тұрған мұздатқыш камераны да тексерген.
Сол жерден бүлдіршіндерінің өлі денесінің үстінен түседі.
«Менің ойымша, бұл қайғылы оқиға. Олар үлкен тоңазытқышты көшеде қалдырған», - дейді Сент-Джон.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал билік өкілдері сот-медициналық сараптаманың нәтижелерін күтіп отыр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады