Мұзайдында ерекше тәсіл көрсеткен блогер ҰХЛ хоккейшілерінің өзін таң қалдырды

14:52, 28 қаңтар 2020
526

Торонтода тұратын танымал блогер Павел Барбер мұқым хоккейшілердің аузын аштырып, мұзайдында керемет тәсіл көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

30 жастағы канадалық шайбаны таяғының ұшына іліп алып, бірнеше рет өзінен шыр айналып, қақпаға жақындап келіп, қақпашы есін жиғанша гол соғады. Бұл таңғажайып видео Ұлттық хоккей лигасының ресми аккаунтына да жарияланды. Өйткені бұл тәсіл мықты хоккейшілердің өзін таң қалдырған.

- Бізді мазақ етіп тұрсың ба?! - деп сұрады Ұлттық хоккей лигасының баспасөз қызметіндегілер одан.

Блогер Барбер хоккейден жаттықтырушы болып табылатынын да айта кетелік.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!