Мұсылманға мұсылман емеске үйленуге болмайды – Ресей мұсылмандары діни басқармасы
Ресей мұсылмандары діни басқармасы әртүрлі дін өкілдерінің бір-бірімен некелесуіне болмайды деген ұйғарым шығарды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.
"Мұсылмандарға әртүрлі дін өкілдеріне, атап айтқанда христиан мен еврейлерге үйленуге болмайды. Тек жергілікті мүфтидің шешімімен өте сирек жағдайда ғана рұқсат етіледі", - делінген құжатта.
Дін өкілдерінің пікірінше, діні өзге әйел адам Иса мен Мұхаммед пайғамбардың Алланың жіберген елшісі екенін мойындап, Құранда жазылғандармен жүретін болса ғана мұсылманға күйеуге шыға алады.
Исламтанушы, профессор Роман Силантьев бұл шешімге қатысты Интерфакс агенттігіне сұқбат беріп, исламның сүннит тармағында төрт шариғат заңы бар екенін түсіндірді. Олардың үшеуі мұсылман еместермен некеге тұруға тыйым салынған. Бірақ ханафи мазхабында рұқсат етілген.
"Ресей мұсылмандары діни басқармасының шешімі ханафи мазхабына қарсы келеді. Ресейде мұсылмандардың дені осы мазхабты ұстанады. Оның үстіне бүкіл мұсылмандардың атынан мұндай шешім шығару дұрыс емес", – деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады