Мұны көру керек: Түрікменбашы министрлерімен футзал ойнады

16:07, 15 қараша 2021

© Сурет: видеодан кадр

Түркиядағы саммиттен өз еліне оралған Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов өткен демалыста футзал ойнағысы келіпті.

Сосын министрлерін шақырып алып, әлгілердің алақандарына өз қолымен антисептик сеуіп беріп, солармен доп тепті.

Бірақ "Хроника Туркменистана" каналы жариялаған видеоға қарасақ, бұл ойын тым сүреңсіз болған сияқты: Түрікменбашының тепкен добын қайтаруға қақпашының дәті шыдамайды.

Футзалды тындырған соң, президент ұшағына мініп, кете барды, министрлер құл бұлғап қала берді:


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!