Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан асты

10:17, 12 сәуір 2018

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы едәуір көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,02 долларға дейін қымбаттап, бір баррель үшін 72,06 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 1,31 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 66,82 долларға жетті.

Еске салайық, кеше, 11 сәуір күні Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 2,39 долларға дейін қымбаттап, барреліне 71,04 долларға көтерілген еді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 2,09 долларға жоғарылап, бір баррельдің бағасы 65,51 доллар болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!