Мұнай өндірісін шектеу туралы келісім 120 пайызға орындалды

13:34, 24 қазан 2017
787

ОПЕК-ке мүше және картельге кірмейтін елдер қырқүйек айында мұнай өндірісін шектеу бойынша келісімді 120 пайызға орындаған.

Бұл – рекордтық көрсеткіш. Осындай ақпаратпен ұйымның мониторинг жөніндегі комитеті бөлісті.  

Аталған ұйымның деректеріне сәйкес, Қазақстан мен өзге де тәуелсіз мұнай эскпорттаушы елдер уағдаластықтың  шарттарын орындап келеді. Айта кетейін, мұнай өндіруді шектеу туралы келісім 2018 жылдың сәуір айына дейін ұзартылған еді. 

Сарапшылардың айтуынша, келісім мерзімі алдағы жылдың соңына дейін ұзартылуы мүмкін. «Дегенмен әлемдік нарықта қара алтын бағасы шикізат өндірісіне ғана тәуелді емес», – дейді бақылаушы. Болжамға сәйкес, мұнай бағасы барреліне 50-55 доллар төңірегінде сақталады. 

Зафар Велиев, сарапшы:

– Биыл әлем бойынша күнделікті мұнай сұранысы – 97,4 миллион баррель. Ал 2018 жылы мұнай қажеттілігі 98 миллион баррельден асады деген болжам бар. Алайда бұл қара алтын бағасында өзгерістер болады деген сөз емес. Қазіргі таңда әлемдік мұнай қоры жеткілікті. Мұнай өндіруді шектеу бойынша келісімді орындаудың жалғыз жолы  – Опекке мүше және өзге мемлекеттерде сақталған мұнай көлемінің нақты статистикасын анықтау. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!