Мұнай бағасы 14 сәуірден бері бірінші рет 32 доллардан жоғары көтерілді

09:23, 6 мамыр 2020
1543

Лондондағы ICE биржасындағы саудада Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 17,9% -ға, яғни 32,06 долларға дейін өсті, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Соңғы рет Brent мұнайының бағасы 32 доллардан асқан кезі 2020 жылдың 14 сәуірінде болған.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстік келісімшарт бағасы 19,5% -ға, яғни бір беррелі 27,22 долларды құрайды.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, 1 мамырда күшіне енген ОПЕК + келісімі әлемдегі сұраныстың төмендеуін өтей алмады. Сарапшылар пандемияға байланысты сұраныстың төмендегенін ескере отырып, өндіріс көлемінің төмендеуі жеткіліксіз болуы мүмкін деп санайды: құлдырау тәулігіне 30 миллион баррельге бағаланады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір