Мұнай бағасы ақырындап өсіп жатыр

11:15, 24 сәуір 2020

Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы - бір баррелі 22,54 долларға жетті. Бұл Лондонның ICE биржасындағы сауда-саттық мәліметтерінен белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 17,72 долларды құрады.

20 сәуірде тарихта алғаш рет WTI маркалы мұнайдың құны нөлден төменге кетіп, минус 40 долларға жеткен. Бұл қор биржасындағы сауда-саттықтың соңғы күні орын алды. Бұл жайт трейдерлердің мұнай ұсынысының артып, оны сақтайтын орын табылмай жатқандықтан, оны нарыққа көл көлемде жаппай сатуға шығаруға ұмтылуымен түсіндірілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!