Мун Чжэ Ин Корея Республикасының жаңа президенті болып сайланды

14:32, 10 мамыр 2017
482

Корея Республикасындағы президент сайлауында «Торо» демократиялық партиясы атынан сайлауға түскен кандидат Мун Чжэ Ин жеңіске жетті. Бұған Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметтері дәлел болып отыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Мун Чжэ Ин сайлаушылардың 41,1 пайыз дауысын жинады. Осылайша ол Корея Республикасының жаңа президенті болып отыр. Оған 13,4 млн адам дауыс берді»,-деп хабарлайды осы елдің сайлау комиссиясы.

Сайлаушылардың ең көп дауысын алған президенттікке кандидат екінші азамат Хон Чжун Пхё болып отыр. Оны сайлаушылардың 21,03 прценті (7,85 млн адам) қолдады.

Сайлау кезектен тыс өтті. Наурыз айында Конституциялық сот 2016 жылдың желтоқсанында Корея Республикасының бұрынғы президенті Пак Кын Хеге жарияланған импичментті растап, оны биліктен аластатты.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының сайлауы белгіленген мерзімнен 7 ай бұрын өткізіліп отыр. Жаңа сайланған президентке барлық өкілеттіктер өтпелі кезеңсіз-ақ бірден беріледі.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!