Мұғалім сабақ үстінде сөйлегені үшін оқушының аузын скотчтап тастаған

11:17, 3 қараша 2017

Смоленск қаласындаға №33 мектепте мұғалім екінші сынып оқушысының аузын сабақ уақытында сыныптасымен сөйлесіп отырғаны үшін скотчпен байлап тастаған. Оқушы солай жарты сағаттай отырған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Қала әкімшілігі бұл жағдайды тексеріп, шара қолданатынын айтқан.

«Бұл жағдай тексеріліп, кінәлілер міндетті түрде жазалануы керек», - деді қала басшысы Владимир Соваренко.

Осы жағдайдан кейін мектеп әкімшілігі мұғалімді жұмыстан шығарып жіберген. Бұл туралы Readovka порталы жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде бұған ұқсас жағдай оның алдында да болған. Иркутск облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балалардың бірінің аузын скотчтап тастағаны хабарланған-ды. Тәрбиеші ол баланың суретін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Фото: Baq.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!