Мосулдағы жарылыс 12 адамның өмірін жалмады

19:28, 25 маусым 2017
530

Иракта жарылыс болды.

Салдарынан 12 адам ажал құшып, тағы 20-дан астамы жараланған. Қаза тапқандар арасында балалар мен әйелдер бар.

Оқиға Мосул қаласында болды. Шаһар «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» елдегі бас тірегі саналады. Оны азат ету операциясының жүріп жатқанына 8 айдан асып кетті. Жуырда Ирак әскері тұрғындарға елді мекеннің соғыс жүріп жатқан ауданынан қашып шығуы үшін қауіпсіз дәліз ашқан. Оқыс оқиға кезінде халық қаладан кетпек болған екен. Алайда мұны байқап қалған содырлардың бірі көпшілік ортасында өзін-өзі жарып жіберген.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!