Моргенштерн Жеңіс күнінен бас тартуға шақырды

09:42, 26 қазан 2021
922

© Сурет: instagram.com

Ресейлік рэпер Моргенштерн (Алишер Валеев) Ксения Собчакқа берген сұхбатында 9 мамырда Жеңіс күнін тойлауды мағынасыз деп санайтынын айтты. Олар әйгілі блогердің кеңестік "Журавли" әнін шырқайтын бейнебаянды талқылады. Собчак өзін патриот санайтынын, бірақ Моргенштерннің сөзі дөрекі екенін атап өтті.

Бұған жауап ретінде Моргенштерн 76 жыл бұрын болған Жеңіс күнінің мәнін түсінбейтінін айтты. Бұған жыл сайын миллиондаған қаржы жұмсалады. Моргенштерн көптеген ресейлік әртістер мемлекеттік тапсырыстарды қабылдайтынын және кеңестік әндерді өз стилінде орындайтынын баса айтты. Мысал ретінде ол әскери костюм киіп, "Журавли" әнін орындаған рэпер Даваны келтірді.

"Бұл, мүмкін, қандай да бір бекіткіштер (орысша – скрепы) , мен түсінбеймін. Бірақ, мақтанатын ештеңе жоқ", - деді Моргенштерн. Ресей бұрынғы жетістіктерді атап өтпей, алға жылжып, жаңа табыстарға жетуі керек екен.

"Ақпараттық технологиядағы жеңістер, ғарыштық технологиядағы жеңістер - сондайларды тойлау керек", - деді Моргенштерн.

Моргенштерн қазіргі Ресейде 70 жылдан астам уақыт бұрын болған оқиғаны тойлап жатқанына өкініш білдірді. Сондай-ақ ол Жеңіс күніне арналған бейнебаянға түспейтінін, өйткені бұл өзіне опасыздық болатынын мойындады.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!