Миының бір бөлігі алынып тасталған бала таңғажайып жағдайда аман қалды

15:27, 3 тамыз 2018
584

Дәрігерлер жеті жасар баланың бас ми жартышарының үштен бір бөлігін алып тастады. Дегенмен, оның миы өзгерістерге тез бейімделіп, жетіспейтін бөліктердің функцияларын сәтті орындады. Бұл оқиға Science Alert-те жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Таңғажайып жағдайда аман қалған баланың қояншық ұстамасы болған. Бұл ауруды тек мидың бір бөлігін алып тастап қана емдеу мүмкін болды. Дегенмен, ол осы күрделі отаны басынан өткерсе де, аман қалды. Баланың көру мүшесіне жауап беретін бөлігі алынды.

Қалпына келтіру үрдісінде кесілген оң жарты шардың ақпартты өңдей алматыны белгілі болды. Бірақ сол жарты шар өзгерістерге бейімделіп адамдар мен заттарды тану қызметін атқарды.

«Жалғыз кемшілік бала көз алдындағының бәрін көре алмайды. Ол алға қарай қарап тұрғанда сол жақтан келген көрнекі ақпарат өңделмейді. Бірақ, ол сонда да басын бұру немесе көзін қозғалту арқылы оны қабылдай алады», – дейді Carnegie Mellon университетінің нейробиологы.

Мамандар үш жыл бойы баланы бақылап, оның интеллектуалды даму деңгейі, тілді қабылдау дағдылары және көрнекі қабылдау өз жасына сәйкес келетінін анықтады. Баланың миына жасалған ота оның дамуына ешқандай әсерін тигізбеген болып шықты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!