Митингті тарқатуға қарумен келген Лукашенко: «Егеуқұйрықтар сияқты жан-жаққа бытырай қашты...»

10:23, 24 тамыз 2020
485

Жексенбі күні Беларусь президенті Александр Лукашенко тікұшақпен Тәуелсіздік сарайына ұшып келді, деп хабарлайды zakon.kz Mash Telegram каналына сілтеме жасап.

Ол оқ өтпейтін кеудешені тағып, қолында қару алып алған. Ол қонған Тәуелсіздік сарайының айналасына қарақұрым халық жиналып, үлкен митинг өтіп жатқан. Қауіпсіздік күштері сарай алдындағы көшені толығымен жауып тастады, ал бірнеше он мыңдаған адам қоршауға алынды. TUT.BY хабарлағандай, Тәуелсіздік сарайының жанында әскери техника да тұрған.

Беларусь құқық қорғау органдары Тәуелсіздік сарайы маңындағы "Победителей" даңғылын жауып тастады. Қауіпсіздік күштері даңғылдың бүкіл бойына кордон қойылған. 9-10 тамыздағы наразылық акциясын таратқан "Рубеж" шабуылдаушы кешені де бар.

Видеода Лукашенконың тікұшақтан түсіп, резиденциясына қарай бет алғаны көрсетілген. Кеудесінде оқ өтпейтін кеудеше, қолында Калашников автоматы бар. Кейінірек мемлекет басшысы ОМОН сарбаздары жанына барып, "Рахмет, мықтыларым", - деп алғыс білдіреді. Бұған жауап ретінде қауіпсіздік күш өкілдері қол шапалақтап, "соңына дейін Сізбен бірге боламыз" деп уәде береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!