Мирзияев БҰҰ Бас Ассамблеясында орысша емес, өзбек тілінде сөйлемек

16:23, 21 қыркүйек 2020
248

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында баяндама жасайды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас ассамблеяның сессиясы алғаш рет видеоконференция форматында өтеді.

Форумның жалпы отырысында баяндама жасайтын Шавкат Мирзияев аймақтағы және әлемдегі маңызды мәселелерге қатысты пікір айтады, Өзбекстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық бағдарын түсіндіреді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, "президент, тәуелсіз Өзбекстан тарихында алғаш рет, өзбек тілінде баяндама жасайды".

Мирзияев 2017 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 72-сессиясында баяндама жасаған. Мемлекет басшысы сол кезде орыс тілінде сөйлеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір