Минск әуежайында NEXTA telegram-каналын құрған «террорист» ұсталды

09:11, 24 мамыр 2021
850

© Сурет: LetSportPeople.com

Ryanair әуе компаниясының Афины – Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан ұшағына "бортта бомба бар" деген хабар беріліп, ұшақ шұғыл түрде Минск әуежайына қонды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірақ бортта бомба емес, Лукашенконың күмәнді президенттік сайлауынан кейін халықты жаппай митингке шақырған NEXTA телеграм-каналын құрғандардың бірі Роман Протасевич болған. Ұшақ қонысымен Протасевич ұсталды.

Ұшақты жерге түсіру туралы бұйрықты Беларусь президенті Александр Лукашенко берген соң әуеге МиГ-29 жойғыш ұшағы көтерілген.

Протасевичті террорист деп соттап жіберетін түрі бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!