Мини-соғыс болған жер. Атамбаевтың үйі қазір қандай күйде

16:39, 9 тамыз 2019

АКИпресс тілшілері Қой-Таш ауылы мен Қырғызстанның бұрынғы президенті тұрған үйдің қазіргі суреттерін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстанның ІІМ 8 тамызда Алмазбек Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінен ұстап әкетті.

Атамбаевты жақтаған халық Бішкекке барып митинг ұйымдастырмақ болған, бірақ құқық қорғау органдары наразылық танытуға шықпақ болғандарды жарық-дыбыс гранаталарының көмегімен қуып жіберді.

9 тамызда таңертең санитарлық қызметтер Қой-Таш ауылында тазарту жұмыстарын жүргізді. Қой-Ташқа барар жолда бір қираған автобус және өртенген екі микроавтобус тұр.

Милиция қызметкерлері мініп келген қираған автобус

Санитарлық қызметтер тазартуда

Атамбаев үйінің ауласы


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!