Ми-8 тікұшағының апаты видеоға түсіп қалды

09:46, 6 қыркүйек 2019

Желіде Саратов облысында Ми-8 тікұшағының жерге қатты келіп қонған сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды РЕН ТВ.

Оқиға 5 қыркүйекте түсте болған. Тікұшақ көтеріле салысымен Соколовый поселкесінің маңында құлады. Содан кейін кадрларда көрініп тұрғандай, тікұшақ отқа оранды. Жалын бірнеше минут ішінде тікұшақты жоқ қалды.

Телеарнаның хабарлауынша, төтенше жағдай болған кезде бортта экипаждың үш мүшесі болған. Олардың бәрі жанып жатқан тікұшақтан шыға алды.

Ресей Қорғаныс министрлігі қатты қону себептерінің бірі ретіне шасси тірегінің сынуын атады. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!