Мәскеудің ойбайлаған дауысы естілді

08:43, 2 маусым 2021

© Сурет: moyby.com

Мәскеу жақтан ойбайлаған, ұлыған, дауыстап жылаған дауыстар естіліп қалды, дейді желіде Қуаныш Еділхантегі.

Сөйтсек Байден АҚШ-тың 2022 жылға арналған бюджетінің жобасын ұсыныпты. Бұл бюджет бұрын-соңды болмаған рекордтық бюджет екен – 6 трлн доллар! Енді осының Пентагонға бөлінген ақшасын қарайық.

Әскери салаға $753 млрд бөлінгелі отыр, бұл Екінші Дүниежүзілік соғыс заманынан бергі бөлініп отырған аса ірі, рекордтық қаражат екен. Сонымен, Пентагонның инвестициялық бағдарламасына мынадай қаржы бөлінетін болыпты:

Ядролық күштерді модернизациялауға - $27,7 млрд;
Зымыранға қарсы қорғаныс системасына - $20,4 млрд;
Алысқа ататын (жою аймағы радиусы 100км-ден астам) артиллерия системасын жасауға - $6,6 млрд;
ӘӘК жойғыштығын арттыруға $52,4 млрд және ӘТК $34,6 млрд;
Кибероперацияларға $10 млрд-тан астам;
$112 млрд әскери зерттеулер мен дайындауларға арналған;
Стратегиялық көзге түспес бомбалаушы B-21 Raider-ге - $3 млрд;
"Колумбия" баллистикалық зымырандары бар сүңгуір субмариндерге - $5 млрд;
LRSO алысқа ататын зымырандарға - $609 млн;
AEGIS BMD теңіздік базадағы зымыранға қарсы қорғаныс системасына - $1 млрд;
Ракета-перехватчиктердің жаңа ұрпағына - $1,7 млрд;
85 F-35 жойғыш ұшағына - $12 млрд;
14 KC-46 Pegasus заправщик ұшағына - $2,5 млрд;
30 AH-64E Apache тікұшағына - $825 млн;
Салынып жатқан "Жеральд Р. Форд" авиатасығышына - $2,9 млрд;
Екі атом "Виржиния" субмариніне - $6,9 млрд;
"Арли Берк" ракеталық эсминціне - $2,4 млрд.
Барлық әскерилерге жалақысын 2,7%-ге көтеруге.

Мұның бәрі Қытай мен Ресейдің әскери қорқытуларына қарсы әрекеттер, өйткені Қорғаныс министрі Остиннің айтуы бойынша басты қауіп осы екі елден келеді. Бұған Ресейдің реакциясы қандай екенін жоғарыда айттық, дейді сарапшы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!