Мәскеуде вакцинаны 12-17 жастағы балаларға сала басталды

14:51, 7 шілде 2021
781

© Сурет: ашық дереккөздерден

Мәскеу қаласында жасөспірімдерге екпе егу сынақтан өтуде, деп хабарлайды zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мамандар 12 мен 17 жас аралығындағы жүзге жуық еріктіге "Спутник V" препаратының аз мөлшерін енгізеді.

Шара алдында балалардың барлығы медициналық бақылаудан өтіп, ПТР тест тапсырды. Зерттеу жұмыстары 1 жыл бойы жүргізілмек. Осы уақыт аралығында егілген жасөспірімдер дәрігерлердің жіті бақылауында болады.

Мамандардың айтуынша, жас ағза ковид-19-ға қарсы вакцинаны ерексектерге қарағанда ауыр қабылдайды. Мәселен, жастарда дене қызуының көтерілуі мен дененің сырқырауы сияқты белгілер жиі кездеседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!