Мәскеуде сауда орталығы өртенді

16:23, 4 сәуір 2018
403

Ресей астанасы Мәскеуде орналасқан «Персей» сауда орталығы өртенді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Мәскеудің шығысында орналасқан сауда үйі бүгін өртенді. Құтқарушылар орталыққа келушілерді сыртқа шығарып жатыр.

«Өрт қауіптілік деңгейіне қарай 2 ранг (жоғары) деп танылды. Зардап шеккендер бар. Келушілерді құтқару баспалдағы арқылы сыртқа шығарылып жатыр», - деді Риа Новости басылымымен сұхбаттасушы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!