Мереке деген осы! Түркімен әйелдері 8 наурызға 3 доллар алады

11:39, 28 ақпан 2020
886

Түркіменстанда халықаралық әйелдер күні мерекесінде елдегі әйелдерге сыйлық жасау туралы шешім қабылданды – 3 доллардан беріледі, деп хабарлайды zakon.kz CentralAsia-ға сілтеме жасап.

Бұл шешім Түркіменстан үкіметінің отырысында айтылды.

Президент Гурбангулы Бердымухамедов экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер Гадыргелди Мушшиковқа Халықаралық әйелдер күніне орай Түркіменстан әйелдеріне 60 манат ("қара нарықтың" курсы бойынша шамамен $3) төлеуді ұсынды.

Бірақ бұл сыйлық тек жұмыс істейтін, оқитын, зейнетақы мен жәрдемақы алатын әйелдерге ғана беріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!