Мені ұстауға келсеңдер, атысамын – экс-президент Атамбаев

Алмазбек Атамбаев өзін ұстауға арнайы қызметтер келіп жатса – кәдімгідей қарсылық танытатынын ашық айтты, деп жазады 24.kg.
- Мен бәріне дайынмын, - деді журналистерге Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, сізді ұстаған жағдайда не істейсіз деген сұраққа жауап бергенде.
Оның сөзінше, елде қазір бұрынғы президентті қамауға алуға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпарат бар.
– Мені ұстауға дайындық жүріп жатқанын бәріміз білеміз. Күштік құрылымдар арасында да менің жақтастарым көп. Сауатсыз адамдардың сауатсыз бұйрықтарына шағымданып ҰҚК, ІІМ-де жүрген талай офицер жылап келген маған. Мен бәріне дайынмын. Қарсылық көрсетемін. Наградалық қаруым бар. Мұны бұйрықты орындайтын жігіттер естісін деп әдейі айтып тұрмын. Қырғызда мақал бар ғой: "жатып өлгенше атып өл" деген, - деді Алмазбек Атамбаев.
Айта кетсек, күні кеше Жогорку Кенеш Алмазбек Атамбаевты Қырғызстанның экс-президенті мәртебесінен айырды.
Источник: zakon.kz
Тағы да оқыңыздар:
-
12:25, 6 желтоқсан 2019
Таксист жігіт ұйқыдағы қызды бас салып, зорлаған
-
09:09, 6 желтоқсан 2019
Түркіменстан жемқорлардың үйлерін тәркілеп, балабақшаға айналдыруда
-
12:21, 5 желтоқсан 2019
Өзбектер де өз «Егеменіне» мұғалімдерді мәжбүрлеп жаздырып жатыр
-
12:13, 5 желтоқсан 2019
Тәжікстанда әкесі зорлаған қыз суға секіріп өлмек болды
-
12:19, 3 желтоқсан 2019
Діншіл Ердоғанның дәуірі тоқтап, Түркия кемализмге оралуы мүмкін
Пікір