Мелания Трамп Зеленскийдің әйелімен жеке кездесуден бас тартты

10:24, 24 қыркүйек 2025

© Сурет: Telegram/Zelenskiy

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп, Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленскаяның өтініштеріне қарамастан, Нью-Йоркте екіжақты кездесу өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы New York Post газеті Мелания Трамптың аға кеңесшісі Марк Бекманға сілтеме жасап жазды. Белгілі болғандай, Елена Зеленская БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Нью-Йоркте Мелания Трамппен жеке кездесуге өтініш білдірген.

 
"Зеленская ханым бірнеше рет Меланиядан кездесуді сұрады, бірақ екіжақты кездесу болмайды. Ресми түрде ештеңе жоспарланбаған, – деді Бекман. – Біздің бірінші ханым өте сыпайы адам болғандықтан, амандасады. Бірақ толыққанды әңгіме болмайды, кездесу жоспарланбаған".

Бұған дейін Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізгенін жазған болатынбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!