Мектептегі төбелес: 12 адам пышақ жарақатын алды

15:07, 15 қаңтар 2018
631

Ресейдің Пермь қаласындағы мектептердің бірінде он екі адам пышақ жарақатын алды, оқиға орнында Ұлттық гвардия мен полиция жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, мектептің бұрынғы және қазіргі оқушыларының арасында жанжал шыққан. Төбелескен жігіттерді мұғалімдер мен өзге де оқушылар ажыратпақ болған кезде 11 оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алды.

Полицейлердің мәліметінше, төбелес шығарғандардың бірі психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.

Қазіргі таңда төбелесті бастағандар ұсталды, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!