Мексикада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 58 адамға жетті

08:03, 9 қыркүйек 2017

Осыған дейін қаза болған 32 адам туралы хабарланған болатын.

Зілзала әсіресе елдің оңтүстік бөлігіне қатты нұқсан келтірді. Оахака штатындағы Хучитан қаласында ратуша, қонақүй мен өзге де ғимараттар қирады. Матиас-Ромеро қаласындағы жаңа қонақүйдің ғимараты жер сілкінісінің салдарынан екіге бөлініп кетті. 8,0 магнитудалық жер сілкінісі 8 қыркүйек, жұма күні таң ата Мексиканың Тынық мұхиты жағалауларында тіркелген болатын. Оның эпицентрі елдің оңтүстік-шығысындағы Пихихьяпан қаласынан 96 км қашықтықта орналасқан. Зілзаладан келген нақты шығын көлемін анықтау біршама уақытты қажет етпек. Алайда бұл жер сілкінісінің соңғы 100 жылдағы ең қуаттысы екендіні анық.

Сарапшылар Мексика жағалауымен қатар осы елге жақын орналасқан Гондурас, Никарагуа, Гватемала, Сальвадор, Коста-Рика, Панама мен Эквадор сияқты елдерде цунами болады деген болжам жасаған болатын. Толқындардың биіктігі жер сілкінісінен соң 1 метрге жетті. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап inform.kz хабарлайды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!